Top
ЕРЕКШЕ ФИНАЛ! QEBL Dota 2 S2-дегі Kaspi.kz ДЕРБИІ!

Dota 2 бойынша Бизнес-лиганың екінші маусымының финалы барлық күтулерден асып түсті! Киберспорттық шайқас аренасында бір алып компанияның екі мықты командасы – Kaspi.kz және Kaspi Магазин кездесті! Бұл – әр картасы алтынмен тең нағыз тартысты дуэль болды. Екі команда бір-біріне сенімді жеңіс сыйлап, чемпиондық тағдыр шешуші үшінші ойында шешілді! 🥇

Керемет ерік-жігер мен командалық рухтың арқасында жеңісті Kaspi Магазин командасы қанжығасына байлады!

👏 Маусымның чемпиондарын қарсы алыңыздар – Kaspi Магазин командасы:

  • Логвинов Эдуард – de3em6er
  • Абдрахман Нурбек – Ari
  • Калибеков Галымжан – Acolyte
  • Даулетбеков Ерзат – Tyks
  • Әбдіхаим Ғалымжан – Mayhem

Чемпиондарды және осы керемет финалға қатысқан барлық ойыншыларды шын жүректен құттықтаймыз!

Назар аударыңыздар, бизнес-қоғамдастық! Үшінші маусым жақындап келеді! Ең мықты корпоративтік киберспорт командасы атану үшін өз командаңызды дәл қазір жасақтай бастаңыздар! Жаңалықтардан қапы қалмаңыздар! 📢