Qazaqstan Esports Business League атты корпоративтік киберспорт лигасының екінші маусымында Kaspi.kz компаниясы бірден төрт құрамын Counter-Strike 2 және Dota 2 тәрізді танымал дисциплиналарда ұсынды. Барлық ойыншылар жоғары шеберлік, стратегиялық ойлау және жеңіске деген шынайы ынта-жігер көрсетті.
Dota 2 гранд-финалы: QEBL тарихындағы алғашқы Kaspi.kz дербиси Dota 2 бағыты бойынша сегіз команда бақ сынады: Tarlan Payments, MyCar, Home Credit Bank, Mycar Group, Airba Ecosystem, Jusan Shop, Kaspi Магазин және Kaspi.kz. Финалға Kaspi.kz және Kaspi Магазин командалары жолдама алды.
Тартысты екі картаның нәтижесінен кейін Kaspi Магазин шешуші үшінші картаны өз пайдасына шешіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Чемпиондар құрамы – Kaspi Магазин: Логвинов de3em6er Эдуард Абдрахман Ari Нурбек Калибеков Acolyte Галымжан Даулетбеков Tyks Ерзат Әбдіхаим Mayhem Ғалымжан Жеңімпаздар мен жүлдегерлер: 🥇 1 орын — Kaspi Магазин — 200 000 теңге сертификат
](/storage/app/media/new-pages/gallery/IMG_6904.jpg)
🥈 2 орын — Kaspi.kz — 150 000 теңге сертификат

🥉 3 орын — Airba Ecosystem — 100 000 теңге сертификат

4 орын — Jusan Shop — 50 000 теңге сертификат

QEBL екінші маусымының қорытындысы:
Qazaqstan Esports Business League — бұл жай ғана турнир емес, ол корпоративтік спорттың жаңа бағыты. 2025 жылдың мамыр айында үшінші маусым басталады. Сонымен қатар ұйымдастырушылар жаңа киберспорттық дисциплинаны іске қосуға дайындалып жатыр. Қай дисциплина болатыны — алдағы ойындар қарсаңында белгілі болады.